ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

112
Күні кеше ауданымызда Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай облыстық жас ақындардың арасында жыр мүшәйрасы өткізілді.
Аталған шараны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Шу қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
«Жыр арнадым еліме» атты мүшәйраға Тараз қаласы, Сарысу, Меркі, Қордай және Шу аудандарынан 14 пен 35 жас аралығындаы ақындар қатысты. Олар ең әуелі Төле биге арналған арнауын паш етіп, екінші кезеңде еркін тақырыпта өлеңдерін көпшілікке ұсынды.
Кестелі сөз, көркем өлең оқылған кеш соңында жеңімпаздар анықталды. Бас жүлдені сарысулық ақын Назерке Айнабекова еншілесе, I орынды шулық шайыр Күнсұлу Тәжен, II орынды қордайлық Әділет Құттыбай, III орын Меркі ауданына келген ақын Мадияр Ақпеновке бұйырды.
Үздік шыққандарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары үлестіріліп, алғыс айтылды.

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.