Түйе палуан

78
Сондай-ақ бүгін Шу ауданында Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай жастар арасында Қазақ күресінен республикалық жарыс жалауын желбіретті.
Бұл додада «Түйе палуан» атануға үмітті білекті 30 жас бақ сынауға бекініп отыр.
Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев сөз алып, ұлттық спортты ұлықтап жүрген балуандарға сәттілік тіледі.
Одан кейін жеребе тарту рәсімі бойынша іріктелген балуандар белдесуге шығып, өзара мықтыны анықтауға кірісті.
Тартысты жарыс қорытындысына сәйкес жасөспірімдер арасында Түйе палаун анықталып, арнайы белдеу мен сыйлық табысталды.

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.