«Улы газдан сақ болыңыз» акциясы жалғасуда.

82
Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша «Улы газдан сақ болыңыз» акциясы жалғасуда. Іс-шара өрттің алдын алуға және улы газдан болатын қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше өткір: өйткені тұрғындар электр жылыту құрылғыларын және жылыту пештерін үздіксіз пайдаланады. Оларды пайдалану кезіндегі қателіктер орны толмас жағдайларға әкелуі мүмкін.
«Улы газдан сақ болыңыз» акциясы аясында ауданда тұрғын үй секторларында 4 рет «Өрт қауіпсіздігі сенбіліктері» ұйымдастырылды. Сенбіліктер барысында тұрғындарға жылыту пештерін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Акция барысында қараша айының басынан бастап 2768 аула араланып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 11642 адамға нұсқау берілді. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп акция кезеңінде халықпен 53 жиын ұйымдастырылып, өткізілді. Әлеуметтік осал тобындағы жалғызбасты зейнеткерлер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғылықты жерлері бойынша 37 рейд жүргізілді.
Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінің жылыту пештеріндегі кемшіліктерді мемлекеттік тапсырыс аясында талапқа сай келтіру бойынша жұмыстар атқаруда.
Үгіт-насихат жұмыстары адамдар көп жиналатын базарлар, сауда нысандарында жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, көміртегі тотығымен улану салдарынан балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында ашық сабақтар, әңгімелер, дәрістер, нұсқамалар өткізілді. Сонымен қатар «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Улы газ» тақырыптарында интерактивті сабақтар өткізіліп, аудан бойынша 36 мектептен 1000-ға жуық оқушы қамтылды.
Профилактикалық іс-шаралары өткізілген акциямен шектелмей, жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Жуалы ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.