Жамбыл облысында партиялық кадрлық резервке ұсынылған үміткерлердің рейтингі жасалады

Жамбыл облысында партиялық кадрлық резервке ұсынылған үміткерлердің рейтингі жасалады, - деп хабарлайды «08info» АА «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

486

Жуырда Талас және Сарысу аудандарынан Жамбыл облыстық партиялық кадрлық резервіне ұсынылған кандидаттармен кездесу болды. Қаратау қаласында өткен жиында кадрлық резервке енген әрбір партия мүшесіне нақты талаптар қойылатыны туралы айтылды.

Кездесуде партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов үміткерлерге қойылатын талаптардың орындалуы жариялы түрде халыққа ұсынылып, бағаланатынын жеткізді.
Сондай-ақ, жасаған жұмыстарының нәтижесіне орай резервистердің рейтинг жасалмақ. Рейтинг әділ әрі ашық болу үшін әлеуметтік желіде арнайы парақша ашылып, барлығының жасап жатқан жұмысы жайлы материалдар сол жерде жарияланып тұрады.
Филиал басшылығы партиялық кадрлық резервтегі азаматтар көпшілік үлгі алатын, соларға қарап бой түзейтіндей болуы керек дейді. Алдағы уақытта тек лайықты азаматтар ғана тиісті орындарға таңдалмақ.
Мұндай кездесу өткен аптада Тараз қаласы және Жамбыл, Байзақ аудандарынан ұсынылған үміткерлермен өткен болатын. Алдағы уақытта басқа аудандар да қамтылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.