Таразда айтыскерлер арасында футбол турнирі өтеді

Бұл туралы жамбылдық айтыскер ақын, айтыскерлер командасының жетекшісі Нұрлыбек Құрманов хабарлады.

751

Жамбыл облысында 2 ақпан күні «Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау» атты аймақтық айтыс ақындары арасында кіші футболдан жолдастық турнир ұйымдастырылмақ. Доп додасына Түркістан облысы айтыс ақындарын белгілі ақын Бекарыс Шойбеков, Алматыдан Асхат Қылышбек, Рүстем Қайыртай бастаған командалар келеді деп жоспарлануда. Ал Жамбыл облысының намысын айтыс ақындарынан жасақталған қос команда қорғамақ. Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.