Жамбыл облысында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде

Жамбыл облысында «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында ведомствоаралық сарапшы топ мониторинг жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды «08info» АА «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

921

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаны іске асыру мақсатында құрылған ведомствоаралық сарапшы топ партия филиалдарының ұйымдастыруымен облыстық, Тараз қалалық және аудандық деңгейлерде де жасақталды. Аталған сарапшы топтар бүгін облыс бойынша бірқатар мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мектеп буфеттерінде ұн өнімдері, құрамында қант басым сусындар мен өнімдер көп сатылады, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің жеткіліксіз мөлшері және буфет мәзірінің нормалары айқындалмаған. Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастырудағы кемшіліктер, тамақ ішуге арналған уақыттың жеткіліксіздігі мен мектеп асханаларының ескірген материалдық-техникалық базасы секілді олқылықтарды болдырмау мақсатында сарапшы топ мектептегі тамақтанудың сапасын жақсарту, тамақтану стандарттарына мониторинг жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру, сондай-ақ, нормативтік құқықтық базасын және оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіру бойынша мониторинг жұмыстарын қолға алды.
Зерделеу жұмыстары әлі де жалғасады. Қорытынды нәтижелері туралы тиісті органдарға жолданып, айтылған сын-ескертпелер партия бақылауында болады.
Айта кетейік, зерделеу жұмыстарына партия облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, ведомствоаралық сарапшы топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.