Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады

473

Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет, ол ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген ықыластары мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады.

Жақыны тұрмақ, жаттың көңілін қалдырмайтын қасиет халқымызда қашшаннан келе жатқан үрдіс. Жығылғанға сүйеу, құлағанға тіреу болып жүрген өңіріміздегі бір топ еріктілерді ұлы даланың ұлағатын жалғастырушылар деп айтуға болатындай. Солардың бірі Шу ауданының еріктілері, олар жақсылық жасаудан еш аянбаған. Қазіргі кезде Шу ауданында «Асар» жобасы аясында, он екі баланың анасы алтын алқа иегері  Омарова Мәриям Жүнісәліқызына үй салуға әзірлік  жұмыстары бастау алған болатын. Қазақ үшін құрсағы құтты аналар қашанда құрметті. Бүгінгі таңда біздің Шу өңірінде сондай көп балалы аналар аз емес. Оларға қажетті қамкорлық жасау, мұң-мұқтажына жарап беру мемлекет басшысы қойған талаптың негізгісі. Жуырда аудан әкімі Нұржан Календеровтың қабылдауында болған 12 балалы батыр ана Мәриям Омароваға қажетіне сай тиісті көмек көрсетілді. Сонымен қоса аудан басшысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен сәтті жүзеге асып жатқан «Асарлатып үй салу» жобасының шарапаты шулық анаға да тиетінін жеткізген болатын. Осыған орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ–нің еріктілерінің ұйымдастыруымен үйге қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, осы кісілердің баспаналы болуларына барлық жағдай жасалынып жатқандығын айқын айтуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.