Заң білу – заман талабы

350

Негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу біздің парызымыз. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.  Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, «Заңды білу – заман талабы». Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін. Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады. Сондықтан жастар өз құқығымызды біліп жүрген дұрыс. Көбінесе қылмыс неден шығады? Жасөспірімдер түнгі уакытта көшеде жүргеннен, алкогольдік сусындарды тұтынғаннан, есірткі заттарын қабылдағаннан көбінде төбелестен басталып, арты жағы қылмысқа ұласып жататын жағдайлар көп кездеседі. Міне сондықтан да  осы жасөспірімдердің қылмыс жасамауының алдын алу мақсатында Біз, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері АПБ ЮПТ-испекторларымен бірлесіп түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуін қадағалау  мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты  жүргізіп отырады. Құрметті жастар қылмыс жасаудан аулақ болайық,өз болашағымызға балта шаппай болашағымыз жарқын болсын десеңіздер жастарға қазіргі таңда көптеген мүмкіндіктер бар, Жоғарғы оқу орындарына гранттар беріліп жатыр « Дипломмен ауылға», «Серпін», « Жасыл-ел», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары бар. Жастар саясатын дамыту мақсатында ауылда тұратын жастарға да ауыл шаруашылығымен айналысуға ең төменгі пайыздармен несиелер беріліп жатыр. Бұл бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат алу үшін «Жастар ресурстық орталығына» келіп кеңес алсаңыздар болады.

Лаура Якименко,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгер кеңесшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.