«Ұлттық киім – асыл мұра»

40

№67 мекемесінде Наурыз мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандармен Ұлттық киім күніне арналған бағдарламаға сәйкес «Ұлттық киім-асыл мұра!» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Ең әдемі киім ұлтының киімі деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес, яғни көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою- өрнегінде, әр бір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой- дүниесінің кайталанбас көрінісі бар және әр құралған ұлттық киім өзге бір мағына білдірген.
Демек сотталғандар қазақ халқының ұлттық киімін суреттеп салды және әр ою-өрнегінің мағынасын айтып түсінідірді. Бұл іс-шара сотталғандардың патриоттық сезімдерін нығайту, ұлттық мәдениеті мен тарихының маңыздылығын жете білу мақсатында ұйымдастырылған. Аталған іс-шараға белсенді қатысқан сотталған азаматтар мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жарияланып марапатталды.

Меруерт Мыркалиева

Leave A Reply

Your email address will not be published.