Жамбыл облысында прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті

28

Жамбыл ауданы прокуратурасы «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау барысында Бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеумен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық қамтымағаны — 12 тұлғаны көзделген әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.

Бұл ретте жеке бағдарламаға сәйкес оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндет жергілікті атқарушы органға жүктелген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар толық көлемде әлеуметтік көмекті алды, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен көзделеген жауаркершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.