ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

56
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил №10 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Әуелі округтің бас инспекторы Ескер Бұралхиев  сөз алып, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер аз емес. Әсіресе, жол жөндеу жұмыстарына ерекше басымдылық берілуде. Айталық, Сыздықов көшесі 3-бұрылысы, Чкалов көшесінің соңы мен «Орман» алқабының көшелеріне асфальт төселсе, Солнечный кентінің көшелері, Целиноград көшесінің бұрылыстарына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 1, 2 «Шалғай Қарасу» алқабының барлық көшелерінің  бұрылыстарына шағал  төселуде.  Оның ішінде Бахтияр Баба, Сейлхан Әбдиев, Қайым Мұхамедханов, Хан шатыр, Темірқазық, Жалын, Алтын Орда көшелеріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.