Таразда нейрохирургияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

517
Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының базасында «Ишемиялық инсультті емдеу мен диагностикалаудың заманауи тәсілдері. Cerebra-инсульттің автоматтандырылған диагностикасы» тақырыбында ғылыми- практикалық конференция болып өтті. Оған жиналған білікті мамандар нейрохирургиялық қызметтің қазіргі жай-күйін, оның дамуының басым бағыттарын, өзара байланыстарды нығайту мен тәжірибе алмасуды талқылап, Жамбылдық дәрігерлерге нейрохирургия саласында практикалық көмек көрсетуді дамыту барысын айтты.
Ишемиялық инсульттің аса өткір кезеңінде пациенттерді басқару қағидаттары және жаңартылған ұсынымдар туралы м. ғ. д., профессор Алмагүл Жүсіпова, ҚР бұрынғы штаттан тыс бас невропатологы кеңінен әңгімеледі. Содан кейін «cerebra — инсульттің автоматтандырылған диагностикасы» тақырыбында Президент іс басқармасы ауруханасының нейрорадиолог дәрігері, cerebra жобасының медициналық жетекшісі Меруерт Сайфуллақызы таныстырылым жасады. Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасы жанындағы тамырлы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облысының инсульт қызметі бойынша бас штаттан тыс нейрохирург, PhD доктор Рауан Кастей ишемиялық инсультті хирургиялық емдеудің ерекшеліктерімен бөлісті. Жамбыл облысында инсульт қызметінің ұйымдастырылуы мен жай-күйі туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс невропатологы, облыстық көпбейінді ауруханасы жанындағы нейроинстульттік бөлімшенің меңгерушісі Айгүл Момуналиева хабарлады. Қалалық көпсалалы аурухананың тамырлы нейрохирургы Еркебұлан Меркібеков «Тамырлы нейрохирургия» тақырыбында баяндама жасады.
Спикерлердің сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін шеберлік сыныптары өтті. Оның барысында Р. Кастейдің қатысуымен екі рентгенэндоваскулярлық оталары жасалды. Бірінші операция — селективті церебральды ангиография және оң жақ ішкі ұйқы артерияларының гемодинамикалық маңызды бастапқы стенозын рентгенэндоваскулярлық стенттеу бойынша болса, екіншісі -селективті церебральды ангиографияда және сол жақ ішкі каротид артерияларының тасты бөлігінің гемодинамикалық маңызды стенозының рентгендік эндоваскулярлық стентін орналаластыруға арналды.
Хирургиялық араласулар сәтті, асқынусыз жүргізілді.
Рентгенологтар үшін М. Сайфуллакызы жедел емдеу туралы мәселені шешу үшін стеноздар, окклюзиялар, тромбоздар (егер пациент терапевтік терезеге түспесе) кезінде жүргізілетін КТ-перфузия бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Бұл конференцияның басты ерекшелігі — Cerebra-ның «бағдарламалық жасақтамасын» орнату бағытында болды. Бұл — ишемиялық және геморрагиялық инсультті автоматтандырылған диагностикалау үшін нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Бағдарламаның өзі инсульт кезінде КТ сканерлеуіндегі бастапқы өзгерістерді тануға үйретілген, олар қарапайым көзбен әрдайым байқалмайды, сонымен қатар aspect шкаласы бойынша қанша аймақтың әсер ететінін есептейді. Бұл өз кезегінде емдеу тактикасын таңдауға, хирургиялық емдеу (тромбоэкстракция), тромболиз, науқастың жағдайының ауырлығын бағалауға көмектеседі. Сондай-ақ, бағдарлама қан кету көлемін автоматты түрде есептейді, бұл рентгенологтар мен клиниктерге тапсырманы жеңілдетеді. Нәтижесінде пациентке жедел емдеу тағайындалады, функциялардың жоғалуы және неврологиялық тапшылықтар қаупі азаяды.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.