Сарысулықтар Астананың 20 жылдығын тойлауда

828

Сарысу ауданында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шарада аудан әкімі Балабек Нарбаев айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің одан әрі өркендеп, дамуы жолында аянбай етуге шақырды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген бірқатар азаматтарды «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің, аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аудандық филиалдарының «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттары», «Құрметті ардагер» төсбелгілерімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдап, Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтіп, 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

Бүгінде «Бәйтерек» кешені, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, «Думан» океанариумы, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Қазақ Елі» монументі елорданың ажарын айшықтап тұрған нысандар.

Елорда – еліміздің күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін қуатты, гүлденген қалаға айналды.

Ертең сағат 10:00-де Жаңатас қаласының орталық саябағында салтанатты іс-шаралар басталып, кешкі 20:00-де орталық алаңда «Ел жүрегі – Астана!» атты мерекелік кешкі концертке ұласады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.