САРЫСУДА ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

105
Бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Жаңатас көпсалалы колледжінің ұйымдастырумен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, аудан жастары арасында «Қаһарман – 2023» атты әскери – патриоттық жарыс өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, жастарды әскери дайындыққа, ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Жарысқа жастардан құралған 6 топ қатысты. Олар автоматты шашып, жинау, пневматикалық қарумен ату, нысана көздеу, противогаз кию, кеудені жерден көтеру және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету сияқты жарыс түрлерінен сайысқа түсті.
Сайысқа Ауған соғысының ардагерлері арнайы қатысып, төрешелік жасады.
Командалық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.