Ауғанның салқын сызы

106

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Ауғандық ардагерлер асқан бағаң ! – деп, Ауғанның асуында батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз – Қоңдыбаев Қошан, Сәрсеков Талғатпен кездесу – Талас ауданының орталығы Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы музейінде, құндылықтарға негізделіп түзілген тәрбие жоспарына сәйкес, қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу мақсатында, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы Темірхан Мұқан, мектеп тәлімгері Қазбекова Алтынай және 7 «Б» сынып жетекшісі Даулбаев Нуриденнің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Батырды батыр ғана алмастырар,
Рухың көкке өрлеумен шарлап тұрар.
Бейбіт күнді қорғайтын Жас Ұландар,
Өмірін өнеге етіп жалғастырар! , – дей келе, Ауғанның асуында жас жанын жалау етіп, интернационалдық борышын атқарған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өткен күнде белгі бар. Интернационалдық борышын өтеп, мерт болғандардың бірі – Таластық жерлестеріміз Битубаев Бүркітбай Әбдіұлы және Мұсаев Қанат Жақсылықұлы …
Қанат Жақсылықұлы Мұсаев – аталған білім ұясының түлегі еді… Ауған жерінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Қанат Мұсаевтың есімі – ел жадында мәңгілік сақталады…
Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқастан елге аман – есен оралған жерлестеріміз – Қоңдыбаев Қошан, Сәрсеков Талғат сұқбат барысында «Жарияланбаған соғыстың қасіреті …» туралы, Ауғанның салқын сызы мен жүрек түкпірінде қалған сәттер, майдандас жауынгерлері туралы тебірене ой бөлісті…
Отан – Анамызды шексіз сүюге, қазақстандық – азаматтық патриоттық рухқа тәрбиелеуге бағытталған іс – шара аясында 14 оқушыға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігі салтанатты түрде тапсырылды.
Кездесу барысында Ауғандық жауынгерлерге мектеп оқушылары әсем әндері мен сырлы билерін тарту етті.

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.