Ресей мен Қытай қиындықтарға кезіккенде Вашингтон Қазақстанмен күшті байланыс орната алады– Камран Бухари

81

The Wall Street Journal АҚШ президентінің Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстандағы әріптестерімен кездеспек.

Стратегия және саясат институтының Еуразиялық қауіпсіздік және өркендеу бөлімінің аға директоры, ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі маман Камран Бухаридің айтуынша, C5+1 кездесуі әлдеқашан орындалуы тиіс еді. Бұл өмірлік маңызды аймақтағы шешуші қадам болуы мүмкін.

«АҚШ Еуразия құрлығының жүрегіне стратегиялық көзқарас қажет. Мәскеу де, Бейжің де қиындықтарға кезігіп тұрған кезде Вашингтон Орталық Азияны нығайта алады. Аймақтың табиғи көшбасшысы Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнайды. Қазақстан ең ірі өңірлік экономика – аса қажет реформаларға жол көрсетуде. Ең бастысы, ол өзін бірнеше аренада өсіп келе жатқан халықаралық ойыншы ретінде көрсетуде. Қазақстан Ресей мен Қытайға жақын орналасқандықтан, Вашингтонға Украинадағы дағдарысты шешуге және соғыстан кейінгі белгісіз кезеңде Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға көмектесе алады», — деп жазады басылым.

Автордың пікірінше, Астана бұл рөлді атқарып, Ресей мен Қытайдың қысымына қарсы тұру үшін АҚШ-тың екі бағыттағы көмегі қажет.

Біріншіден, Вашингтон Астананың суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті, жаңа саяси партиялар үшін кеңістігі бар және БАҚ еркіндігі кеңейтілген президенттік республикаға көшу кезіндегі саяси реформаларына қолдау көрсете алады. Демократия жолында келе жатқан Қазақстан Орталық Азияның қалған төрт мемлекетіне аймақты Мәскеу, Бейжің және Кабулдың ықпалынан қорғайтын үлгі бола алады.

Екіншіден, Қазақстан Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізі арқылы аймақ пен жаһандық экономика арасындағы байланысты білдіреді. Бұл Орталық Азияның экономикалық дамуына және халықаралық энергетикалық және басқа да сауда ағындарына ықпал етеді. Америка Құрама Штаттары инвестиция, сауда, технология және жаһандық көшбасшылық арқылы  табысты етуге көмектесе алады.

Еске салсақ, АҚШ президенті Джо Байден келесі апта алғаш рет Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен кездесу өткізетінін хабарлаған болатынбыз.

 

https://stan.kz/resey-men-kitay-kiindiktarga-kezikkende-vashington-kaza-388294/

Leave A Reply

Your email address will not be published.