Прагматик болғанымыз абзал

528

Елбасы бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-сананың өркендеуіне аса мән беріп, заман көшімен ілгері басып, артта қалған үлгілерінен алшақ басуды, ұлттық болмысты сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгертуді сөз етеді.

Қолда бар байлықтарымызды ұтымды пайдалану – ұлттық жаңғырудың бір үлгісі. Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, аста-төкке, ысырапшылдыққа ұласты. Қарапайым қазақ ұл-қызына той жасаған кездің өзінде ысырапшылдыққа жол беруде. Мұның бәрі – өзіміздің мақтанқұмарлығымыздан. Мұндайды болдырмау үшін прагматик болғанымыз абзал. Прагматик – ол өзінің ұлттық және жеке байлығын нақты білетін, оны үнемді пайдаланатын, соған сәйкес болашағын жоспарлай алатын, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермейтін жеке тұлға. Ол кез-келген істі тиімді пайдаланып, ұтымды жолдарын ойластырады. Прагматикалық ойлау жүйесі іс жүзінде сананы өзгертудің бір жолы. Яғни, кез келген істе алдына мақсат қоя отырып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізу дегенді білдіреді. Шынайы прагматик асып-таспайды. Қолында барды пайдалы істерге жұмсап, оңды-солды шашпай күн көреді. Бұны Елбасы да айтқан болатын.
Бүгінде кейбір қазақтардың бойынан шектен тыс мақтанқұмарлықты, кердең мінез бен келіссіз істерді байқап қаламыз. Атам қазақтың пейілі кең болғанымен, қолындағысын орнымен жұмсаған. Бүгінде бойымызда бар дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидалардан арылмайынша, толыққанды рухани жаңғыруымыз мүмкін емес.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.