САРЫСУДА АҚЫННЫҢ ТУҒАН КҮНІ АУДАНДА АТАЛЫП ӨТТІ

442
Аудандық мәдениет үйі мен орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Хантәңірінің мұзбалағы,тау тұлғалы талант,сырлы сезімнің иесі, ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Қыран ғұмыр, өлмес жыр” атты әдеби-әуен салоны өткізілді. Әдеби сазды кешке Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы, Сарысу ауданының құрметті азаматы, ”Дарабоз”, ”Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбин және мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, оқырмандар қатысты.
Шығармашылық кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е. Есмаханов және жазушы Пернебай Дүйсенбин ақиық ақынның шығармашылығына тоқталып, артынан қалған баға жетпес мұраларын баяндады. Ұйымдастырушыларға өз ризшылықтарын білдірді.
Кітапхана қызметкерлері “Жетімдер үні” атты сахналық көрініс қойып, мәдениет үйінің қызметкерлері ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.