АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

401
Бүгін аудан орталығындағы Даңқ аллеясында Түркия мемлекетінің негізін қалаушы, сол елдің тұңғыш президенті, саяси қайраткер және әскери қолбасшы, әлемдегі адамзаттың өзара түсінісуі мен ұлттардың баянды ынтымағын насихаттаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
Шара барысында көпшілікті тарихи тұлғаның ескерткішінің ашылуымен құттықтап, мұның бір ғасыр бұрын құрылған Түркия республикасының 100 жылдығына тамаша сый болып отырғандығын жеткіздік. Әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға өзге елдерде ескерткіш орнату үрдісі қолға алынған. Мәселен, қазақтың бас ақыны — А.Құнанбаевтың ескерткіші Анадолы елінде орнатылған болатын. Сол секілді Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ауданымызда ашылуы да халықаралық достықтың нығаюына зор үлес қосады деген сенімдеміз.
Біз түбі бір түркі жұртымыз. Тарихта болған қилы кезеңдерде қазақ халқы түрік ағайынды бауырына басса, олар да сындарлы сәтте жаттық жасамай, еліміздің егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Бұл бауырлас ұлттардың нағыз жанашырлықтың үлгісі екені сөзсіз.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.