Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып мерт қылды

68

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды. Бұл туралы KazInform халықаралық ақпарат агенттігі жазды. Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.   Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған. «Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады.  Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.  «Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады» делінген баспасөз хабарламасында.

https://smartnews.kz/news/9929-petropavlda-zholga-zhatyp-algan-ajeldi-kolik-kagyp-mert-kyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.