Мекемде сенбілік тазалық жұмыстары өтті

103

№59 мекемесінде мекеменің аумағын қоқыстан тазарту мақсатында мекеме бастығының бұйрығымен тағы да сенбілік ұйымдастырылды.
Көше бойын және мекеме аумағын тазалап, қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады және барлық қала тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!
«Тазалық — мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар, әр адам өзі тұрған маңайы мен ауласын таза ұстап, өңіріміздің таза болуына және одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!

 

СұлтанБейбарыс Мұратұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.