Отбасын қолдау орталығын ашу мәселесі назарға алынды

73

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесі отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде өңірде биыл ашылатын «Отбасын қолдау орталықтарының» дайындық барысы қаралды.

Сембек Сейдәзімовтің төрағалығымен өткен шараға партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Мұқанов, Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов және Меркі ауданы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Басқосуда алғаш болып сөз алған облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Мұқановөткен жылы Жамбыл және Байзақ аудандарынан ашылуы тиіс отбасын қолдау орталықтарының ашылмай қалу себебін түсіндірді.

– 2023 жылдың 9 ақпан күні Басқарма тасырмасымен Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан ашылған зорлық-зомбылық құрбандарына кеңес беру кабинеттері ашылған болатын. Осы мерзім ішінде тек 5 әйел кеңес алу үшін қабылдауда болғаны анықталды. Жамбыл ауданының полиция бөлімінің мәліметіне сай 2022 жыл 2023 жылдың 3 айында зорлық-зомбылық көрген әйелдер туралы қылмыстық іс қозғалғаны туралы фактілер тіркелмеген, бірақ 6 әйел облыстық қолдау орталығына орналастырылған. Сонымен қатар, Жамбыл ауданының қала маңындағы 6 ауылдық округі 11 елді мекені 35000 адам Тараз қаласына қосылуы жоспарлануда. Жамбыл ауданынан отбасын қолдау орталығын ашу үшін 15 штатық бірлік, жылына кемінде 40 млн. теңге қаражат қажет етілді.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, аудан орталығында отбасын қолдау орталығын ашу экономикалық түрде тиімсіз деп есептеледі.

Ал, Байзақ ауданында ашылуы тапсырылған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне 2023 жылға бір жылдық шығындары бойынша 35000,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған, бірақ Орталық ашуға тиісті ғимарат табылмауына байланысты орталық ашылмады. Орталықты ашу осы жылға жоспарланып отыр, – деді Б.Мұқанов.

Ал өз кезегінде, Жамбыл аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жомарт Телеуов Жамбыл ауданынан  отбасын қолдау орталығын ашу үшін 15 штаттық бірлік, жылына  кемінде 40 млн. теңге қаражат қажет етілетінін жеткізді. Сондай-ақ, оның сөзінше, 2023 жылдың 10 сәуірінде облыс басшылығынааудан тарапынан отбасын қолдау орталығын ашу тапсырмасын қайта қарауы бойынша хатжолданған. Нәтижесінде, облыстық әкімдік ауданның жауаптыр мамандары көрсеткен уәждерді талдап, аудан көлемінде орталықты ашу тиімсіз екендігіне байланысты ашу қажеттілігі жоқ екендігі туралы мәлімдеген. Сондықтан аудан басшылығы отбасын қолдау орталығын ашу экономикалық түрде тиімсіз деген ұйғарымға келген.

Десе де партия облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің мүшелері аудан тарапынан жыл сайын қанша адамның зорлық-зомбылық көретіні туралы зерделеу жұмыстары жүргізілмейтінін сынға алды. Жауапты мамандарға осы олқылықтың орнын толтыру үшін  екі ай уақыт берілді. Сондай-ақ, отбасын қолдау орталығын ашу мәселесі де қайта қаралатынын жеткізді.

Ал, Байзақ ауданында Отбасын қолдау орталығын ашу мақсатында жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 50млн теңге қаржы қарастырылып қойыпты. Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Еркін Зәуірбековтың айтуынша, орталық ашуға ыңғайлы ғимарат та табылыпты. Енді, бөлінген қаржының 15  млн теңгесі сол  ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ал35 млн теңгесі мекеме қажетті шығандарына жұмсау жоспарланып отыр екен.

Сол секілді осындай орталықтар биыл Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында ашылуы тиіс. Кеңесте аталған аудандардың осы бағыттағы жұмыстары сараланып, тиісті ұсыныстар берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.