Түзеу мекемесінде қос мерекеге орай спорттық іс-шара өтті

60

Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандар арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Жеңіс күніне орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Спорттық шараның сотталғандар арасында маңызы зор. Мұндағы басты мақсат-салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін көтеру болып табылады. Аталған мекемеде мұндай спорттық жарыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Онда жазасын өтеушілер арқан тарту, қол күресі, шахмат және футбол ойындары бойынша сайысқа түсті. Қатысушылар арасында топ жарып, жақсы нәтиже көрсеткен жеңімпаздар марапатталып, мекеме әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.