Өскеменде үш баланы құтқарған ер адам алғыс хатпен марапатталды

90
«Өскемен-Водоканалдың» қызметкері Қайрат Шерепанов 2017, 2018, 2020 жылдары туған балаларға өртеніп жатқан үйден шығуға көмектескен. Балалардың анасы өз бетінше шыға алыпты.
Болған оқиға туралы алдымен «Өскемен-Водоканал» өнеркәсібі хабарлады. Директор Ернар Әубәкіровтың сөзінше, Қайрат Шерепановқа алғыс хат пен ақшалай сыйлық берілген. Бірақ желі қолданушылары берілген сыйлыққа наразылықтарын білдірді.
«Нағыз батыр! Бірақ ол басқа сыйлық күткен шығар», «Ұят емес пе? Адам өз өмірін қатерге тікті, бірақ оған тек алғыс хат берген», «Астанада бір баланы құтқарғаны үшін пәтер береді. Ал Өскеменде үш бала үшін – алғыс хат», — деп жазды желі қолданушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.