Жасөспірімдерге «Шал» фильмі көрсетілді

34

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №67 мекемеде тергеудегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында тәрбиелік бағыттағы кезекті іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында қазақ кино өнерінің туындысы – «Шал» көркем фильмі көрсетілді.
Фильм көрсетілімінің басты мақсаты – жасөспірімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, өмірге деген көзқарасын оң бағытқа өзгерту, сондай-ақ ұлттық тәрбиені дәріптеу болып табылады. «Шал» фильмі арқылы қатысушылар адамгершілік, төзімділік, табиғатпен үндестік және өмірдің мәні туралы терең ой түюге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында жасөспірімдер фильмді қызығушылықпен тамашалап, көрсетілімнен кейін өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Талқылау кезінде олар фильмнің негізгі идеясына тоқталып, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға берді. Бұл өз кезегінде олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, осындай тәрбиелік мәні бар мәдени іс-шаралар жасөспірімдердің мінез-құлқын түзетуге, қоғамға бейімделуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді.
Алдағы уақытта да кәмелетке толмағандармен тәрбиелік, мәдени және психологиялық бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.