Нұрқаділова әкесімен болған соңғы әңгімесін жариялады

235

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова Instagram-дағы парақшасында әкесі Заманбек Нұрқаділовпен болған соңғы жеке әңгімесін жариялады.

«Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың деген еді» деп жазды Құралай Нұрқаділова.

Сондай-ақ ол әкесі тірі болғанда қақтығыс кезінде қандай әрекет ететінін айтты.

«Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына қалай жауап беретінін, не мүлдем елемейтінін әкемнің әрекеттерімен салыстырамын. Ол керек сұрақтардың жауабын білді, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез кеген сұраққа сауатты жауап беретін еді. Ешқандай «ммм, аааа, солай, өйткені» деген сөздерсіз. Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес. Адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті, адреналинді агрессивті күйдегі жастарға айтар сөз табатын еді», – деді ол.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.