Мемлекет басшысы қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

51

Фото:kaz.nur.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан құтқарушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, ІI дәрежелі «Айбын» орденімен:

Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
2. Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.

«Құрмет» орденімен:

Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;
Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.

«Ерлігі үшін» медалімен:

Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;
Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:

Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Гудеев Николай Николаевич, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

https://turkystan.kz/article/214646-memleket-basshysy-kazakstandyk-kutkarushylardy-marapattady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.