«Жаңбыр жауып, найзағай соғады»: Елімізде алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

53

Фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.



14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Бұған дейін Атырау облысында шұғыл түрде қосымша қорғаныс бөгеті салынып жатқаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/zhanbir-zhauip-nayzagay-sogadi-elimizde-aldagi-ush-kung-400078/

Leave A Reply

Your email address will not be published.