Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен 7 жасар қызын пышақтаған. Қызының құлақ тұсы, ал әйелінің бұғанасының үстінде кесілген жара болған. Дәрігерлер жарақаттарын тігіп, таңып берген. Алайда олар ауруханада ем қабылдаудан бас тартқан.
«Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни, адам өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.