«Командадағы тиімді қарым-қатынас»

182
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының ұйымдастыруымен Орталық клиникалық аурухана АҚ, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-тың «Алматы» филиалы («Алматы Resort» санаторийі) басшысыларының орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, құрылымдық бөлімше басшылары, кадр қызметінің қызметкерлері және әртүрлі бейіндегі дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін «Командадағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында үш күндік оқыту өткізілді.
Дәріскер ретінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, коуч, фасилитатор, Mandarin Pictures кинокомпаниясының ортақ иеленушісі және коммерциялық директоры Амалбеков Алмаз Бахитұлы шақырылды.
Семинар бағдарламасы білім алушылардың қарым-қатынас түрлері, әдістері, коммуникациядағы ассертивтілік, Э.Берн теориясы (транзакциялық талдау), коммуникативтік цикл, қарым-қатынас кедергілері, қарым-қатынастағы эмоцияларды басқару, мінез-құлық және қарым-қатынас стильдері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар коммуникация процесін басқарудың маңыздылығын, іскерлік коммуникация процесінің құрамдас бөліктерімен, қарым-қатынастың негізгі құралдарымен және ең тиімді әдістерімен, коммуникацияны мақсатқа жету құралы ретінде пайдалануды, компания ішіндегі қызметкерлермен қарым-қатынастың сапасы мен тиімділігін арттыруды үйренді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.