Мектеп оқушысын қағып өлтірген ауыл әкімі сотталды

60

Жетісу облысының Ескелді ауданы Биғаш ауылында мектеп оқушысын қағып кетіп, өліміне себеп болған әкім Әлия Бақтияроваға қатысты үкім шықты. Бұл туралы  08info.kz Stan.kz  ақпарат агенттігінің сілтеемсіне сүйеніп  хабарлайды.

Соттың мәліметінше, 2023 жылы 2 қараша күні сағат 20:00 шамасында Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова көшеден өтіп бара жатқан 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбайды қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

«Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады, жәбірленушінің анасы мен әкесі оны кешіріп, моральдық және материалдық залал толығымен өтелгенін, сотталушыға талап-арызы жоқтығын көрсетіп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады», – делінген сот хабарламасында.

Сот Әлия Бақтиярованы “абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сот айыпталушыны 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Шешім шығарған кезде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін толық мойындауын, моральдық және материалдық шығынды толық өтеуін, өзі жалғыз асыраушысы кәмелетке толмаған бес баласының болуын ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: freepik.com

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.