Алматыда аузынан былапыт сөз шыққан депутат жауапкершілікке тартылды

66

Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов баяндама оқу кезінде балағат сөзді араластырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тимур Елеусізовтың айтуынша, 22 ақпанда ол полицияға барып, түсініктеме жазған.

Депутат әкімшілік кодекстің «ұсақ бұзақылық» (434) бабы бойынша жауапқа тартылған (20 АЕК – 73 840 теңге көлемінде айыппұл) .

– Ең бастысы, біз бәрімізді қоршап тұрған мәселелер және оларды шешу жолдарын ойлануымыз керек. Қамықпаңыздар, жағдай осындай, әркім өз қорытындысын жасады, сабақ алды, — деді ол.

Тарихы

Алматы мәслихатының отырысы қарсаңында депутат Тимур Елеусізов баяндамадан шатасып, аузынан былапыт сөз шығып кеткен. Кейін депутат балағат сөздерді қолданғаны үшін кешірім сұраған.

2023 жылы Қазақстанда қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқаны үшін жаза күшейген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.