Меценаттар қомақты қаржы бөлді

195

Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев сынды елімізге танымал кәсіпкер-меценаттар жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін «Халық» қайырымдылық қорына қаржы бөлді. Бұл игілікті істен жамбылдық отбасылар да шет қалған жоқ.
Қаржылай көмектің операторы ретінде таңдалған «Халық» қайырымдылық қорының өкілдері Тараз қаласында да азық-түлік салынған қораптарды әзірлеп, жергілікті әкімдіктер берген тізім бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне жеткізіп берді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша мұндай азық-түлік себеті Тараз қаласы мен бірқатар аудандардан анықталған 1500-ге жуық отбасыға берілмек. Азық-түлік жиынтығына күріш (10 кг), қант (10 кг), макарон өнімдері (10 кг), ұн (10 кг), май (5 кг), шәй (2 кг), тәттілер (2 кг) балық консервісі және сгущенка кіреді.
Бұл көмек елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуі мен карантин шаралары салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бағытталған.
Бүгінде аталған бастаманың операторы болып отырған «Халық» қайырымдылық қорында ел бойынша 20 мың азық-түлік жиынтығы әзірленді. Қазіргі уақытта бұл көмек аймақ әкімдіктері берген тізіміге сәйкес таратылуда. Жалпы көлемі 1200 тонна құрайтын азық-түлік жиынтықтары Қазақстанның барлық аймақтарында жағдайы төмен отбасыларға таратылмақ.
Осылайша, ел кәсіпкерлері қиын сәттерде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін тағы да танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.