Ардагерлер әрқашан құрмет құшағында

180

Бүгін елімізде «Ардагерлер туралы» Заң қабылданды. Әрине, Ұлы Отан соғысының ардгерлеріне бұрыннан бері қолдау көрсетілуде, бірақ осы заңгың қабылдануы олардың дәрежесін одан сайын көтереді деген сенімдемін! Бұл заңға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлерге қолдау көрсету маңыздылығы айқындалған. Бұдан былай оларға түрлі әлеуметтік қолдау шаралары қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді; жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай көмек көрсетіледі; жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін біржолғы бірінші кезекте алу және тағы басқа қолдау шаралары көрсетіледі. Өкінішке орай өзімнің нағашы атам осындай заңның қабылданғанын көрмеді, екі жыл бұрын қайтыс болды, дегенмен үкімет оған жақсы қолдау көрсетті. Құрметті қазақстандықтар, аталарымызды-апаларымызды, ардагерлерді осы күндері ғана емес әрқашан құрметтеп, қолдап, көмек көрсетіп жүрейік!

Мерей Отан,
Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.