Мамандар иммунитеті әлсіз адамдардың бірнеше белгісін атады

65

тұмау

Абельдің айтуынша, егер адам жылына екі-төрт реттен жиі тыныс алу немесе вирустық ауруларымен ауырса, онда дененің қорғаныс функциясының әлсіреген. Сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарға жиі суық тиеді.

«Ағзада вирустық инфекциялармен күресу үшін антиденелер шығаратын лимфоциттер жеткіліксіз», – деп түсіндірді Абель.

Диетолог Сюзи Перри иммунитет төмендегенде, вирустық ауруларға бактериялық инфекциялар жиі қосылатынын айтады. Олар қызыл иекке, зәр шығару жолдарына, асқазан-ішек жолдарына және басқа мүшелерге әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар имунитеті әлсіз адамдардың жарасы ұзақ жазылады дейді

Терапевт Надя Хасан иммундық жүйенің бұзылуы кейбір созылмалы және өткір аурулардан, ұзаққа созылған стресстен және В12 витаминінің, фолий қышқылының немесе мырыштың жетіспеушілігінен туындауы мүмкін екенін түсіндірді.

https://stan.kz/mamandar-immuniteti-alsiz-adamdardin-birneshe-belgisiz-391687/

Leave A Reply

Your email address will not be published.