«О дүниенің барына сене бастадым»: Әйел жүрегі тоқтап қалғаннан кейін басынан кешкен ерекше оқиғаны айтып берді

55

Джейд есімді қыз өзінің адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті. Оның айтуынша, оқиға 2011 жылдың жазында Грин Бэйде болған. Қатты ыстықтан қыздың жүрегі айнып, есін жоғалтқан. Ауруханада оның жүрегі тоқтап қалған, бірақ үш минуттан кейін дәрігерлер оны дефибрилятордың көмегімен аман алып қалыпты.

Джейдтің айтуынша, үш минуттың ішінде ол қараңғылықтан басқаны сезбеген. Алайда есін жиғаннан кейін өмірінде түрлі оғаш жағдайлар орын алған. Мысалы, үнемі қолына қол сағатты алған кезде оның  тілі тоқтап, ал электронды темекінің қуаты бітіп тұра берген.

«Мен жоқ нәрселерді естіп, көре бастадым. Түрлі сыбырды естідім, қараңғы бұлыңғыр фигуралар пайда болды. Мен үйде камера орнаттым, өйткені жынды бола бастағандай сезіндім. Бірақ осыдан соң о дүниенің бар екенін түсіндірмек болғанын түсіндім», — деді Джейд.

Бұл тәжірибе қызды өлімге деген көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті.

https://stan.kz/o-dunienin-barina-sendim-ayel-zhuregi-toktap-kalgannan-391688/

Leave A Reply

Your email address will not be published.