Қуат үнемдеу – уақыт талабы

2 407

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында энергетикалық ахуал мәселессіне кеңінен тоқталған болатын. «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды», – деген Президент энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауды тапсырған еді.

Бұл ретте Тараз қаласында жұмсалатын қуатты үнемдеу мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, шаһардағы 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорынның барлығы 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Ал «Таразтрансэнерго» МКК бойынша жалпы 131,944 мың,  «Жамбыл Жылу» МКК бойынша жалпы 176,4 мың, «Таразэнергоорталық» АҚ бойынша 243,98 мың, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша жалпы 6 100,0 миллион, «София» ЖШС бойынша жалпы 1,897 мың теңге қаражат қарастырған. Көрсетілген сомаларға кәсіпорындар қазандықтарға қосалқы бөлшектер сатып алу-орнату, қазандар сатып алу- орнату, сорғылар сатып алу-орнату, қазандық ғимараттарына ағымды жөндеу, жылу желілеріне күрделі жөндеу, энергоблоктарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Кәсіпорын қазандықтарында негізгі пайдаланылатын отын түрі – табиғи газ. Осыған орай, барлық кәсіпорындар газ жеткізу бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ-мен келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар қазіргі таңда «Жамбыл-Жылу» МКК-да резервтік 342 тонна көмір, 390 тонна мазут, «Таразэнергоорталық» АҚ-да 1865,6 тонна мазут, «Таразтрансэнерго» МКК-да 10 тонна көмір, «София» ЖШС-де 10 тонна көмір, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-да 11 993 тонна мазут қоры бар. Сондай-ақ Тараз қаласының коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша атқарылатын жұмыстардың 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық жол картасы әзірленіп, сол бойынша 2 магистралдық және 9 ішкікварталдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жоспарлануда.

Шаһардағы қазіргі күні 1 316 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Сондай-ақ 28 көппәтерлі тұрғын үйдің жылумен жабдықтау жүйесінде ақаулар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, аталған 28 үйдің 16-ы қысқы кезеңге толығымен дайын болса, 12 үйдің белсенді тұрғындарымен бірлесе отырып қаражат жинау және демеушілерді тарту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Сонымен жертөлесіндегі құбырларының тозығы жеткен 4 көппәтерлі тұрғын үй анықталған. Бұл үйлердің иелерінің өз күшімен құбырлар мен қосалқы бөлшектерді ауыстыруға мүмкіндіктері келмегендіктен демеушілер қарастырылуда.

Ғабит Алтаев,
Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық,
жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.