Көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану маңызды

3 184

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қызкүйектегі Жолдауында еліміздегі көлік қатынасын қалыпқа келтіру мәселесіне кеңінен тоқталған еді. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқанын айқан Мемлекет басшысы бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отырғанына да баса мән берген болатын. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс екенін айтып, осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керектігін де жеткізген.

Бұл тұрғыдан келгенде Тараз қаласында айтарлықтай жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, жуық арада құрылысы басталатын көлік өткелі тек қалаішіліқ қатынасты ғана реттеп қоймай, көршілес Қырғыз еліне қатынайтын автомобильдердің де жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасамақ.

Қаланың Бас жоспарына сәйкес, келер жылы шаһар аумағына Байзақ пен Жамбыл аудандарынан 14 елді мекен мен екі саяжай қосылып, тұрғындардың саны 570 мыңнан асып жығылады деп жоспарлануда. Осының әсерінен шаһарда көлік қозғалысы көбейері сөзсіз. Сондықтан ел аузында «За линией» аталып кеткен аумақ пен орталықты байланыстыратын жол өткелі салынбақ. Осыған орай Абай даңғылы бойында екі жол өткелін салуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, конкурс нәтижесі бойынша жобалаушы мекеме «ДЭН-Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жобалаушы мекемемен жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Құжаттар толығымен әзірленгеннен кейін мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

Абай көшесінің аяғындағы көпір құрылысын жүргізу үшін барлығы 68 нысанды мемлекет меншігіне қайтару қажет. Оның 43-і жеке тұрғын үй, 25-і бизнес нысаны. Егер жоспар ойдағыдай жүзеге асса, көпір құрылысы 2024 жылдың екінші жартыжылдығында басталады деп жоспарлануда. Жалпы салынатын көпірдің ұзындығы бір шақырымға жақын, ені 17 метр болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 62-1 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны өтеледі. Алайда бұл бағаны әкімдік емес, арнайы конкурстың нәтижесінде жеңімпаз болып танылған компания белгілейді. Егер сіздер белгіленген бағамен келіспейтін болсаңыздар, сотқа жүгінуге толықтай хақыларыңыз бар. Осы орайда біз үшін әрбір тұрғынның ой-пікірі маңызды екенін баса айтқым келеді. Сондықтан да сіздермен бүгін бас қосып отырмыз. Қазір тұрғын үйлердің, бизнес нысандарының иелерімен жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.