Сотталғандарға құқықтық кеңес берілді

66

Сотталғандарға құқықтық көмек көрсету шеңберінде Жамбыл облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен №25 мекемесінде сотталған азаматтарға құқықтық кеңес берді. Құқықтық кеңес беруге қатысқан қызметкерлер, адвокаттар алқасы — Р. Рсакұлы, В. Кондрашов, И. Сералиев, К. Махмудов пен Т. Танибаевтар қатысып, өз көмектерін берді. Заң консультанттар палатасынан Р. Халидов, Х. Бегалиев пен Б. Оразымбетов қатысып, өз тарапынан заңдық кеңестерін берді. 
Кездесу барысында бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, сотталғандар түйінін таппай жүрген шешімдерге заң аясында бағыт-бағдар алды. Сотталған азаматтар тиісті жауабын алған соң мемлекеттік қызметкерлерге өз алғыстарын айтты. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.