Қуандық Бишимбаевтың соты: өте сауатты таңдалған қорғау

94

Қуандық Бишимбаевтың соты: өте сауатты таңдалған қорғау. Бишімбаевтың сотына қатысты қоғам белсендісі Алмас Тоқабаев желіде өз пікірін білдірді деп хабарлайды,  madeniportal.kz.

Егер эмоцияның бәрін алып тастап, нақты фактілер мен жасалған әрекеттер (ходы) арқылы бағамдасақ Бишимбаевтың адвокаттарына “бес” деген баға қоятын едім. Бұл заң факультетінің студенттері арасында ұзақ талдануы және осындай жағдайларда қалай қарсы әрекет жасалуы модельденуі керек.

Сонымен адвокаттар несімен мықты:

1. Олар қылмыс жасалғанын жоққа шығармайды.
2. Олар кінәні мойындайды.
3. Олар екі жақ та кінәлі екенін дәлелдейді.
4. Олар жазаны жеңілдетеді.

Тарқатайық:

1. Суық хабар шығысымен Бишимбаевтың адресіне лағынет жауды. Реакция түсінікті. Бірақ арасын суытпай марқұм Салтанат жайлы ақпараттар жылдам тарай бастады. Жеке өмірін қотара салды.

Осы арқылы қоғамға таяқтың екі ұшы бар екенін көрсетті. Бұл ходтың мақсаты ақтау емес — күдік ұялату.

“Мүмкін Салтанат та періште емес шығар?!”

2. Содан соң сот қазылар алқасы (присяжные) арқылы өтетіні белгілі болды. Өзі сұрады. Кінәсін, яғни оқиға болғанын мойындады. Бір сәт уф дедік. Қазылар (присяжные) оған сене бастады. Енді сәл-сәл кісі өлтіруді мойнына алатындай көрінді.

3. Дәл осы сәтте негізгі соққы жасалды.

Салтанатқа деген күдік, Қуандыққа деген уақытша сенім бар. Енді марқұмның бүкіл жеке өмірін жайып тастады. Көңілдес, ішімдік т.б.

Присяжные — ең алдымен ет пен теріден жасалған адамдар. Әр айтылған интимді сыр саналарына құйылып жатыр.

4. Ендігі ход “қасақана кісі өлтіруді” басқа бапқа, “абайсызда кісі өлтіруге” айырбастау.

Егер абайсызда деп танылса СИЗОда отырған әр күн 2 күн болып есептеледі, жазаның жартысын өтеген соң колония-поселение, УДО ж.т.б. жолдар көп.

Қасақана болса 15-20 жылға без права на УДО кетесің.

Цирктегі ең көңілсіз адам клоун деген афоризм бекер айтылмаған, деді желі белсендісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.