«Әлемді кітап арқылы танимын»

152
«Әлемді кітап арқылы танимын»

Облыстық көркемсурет галерясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және  Д. Қонаев атындағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық  балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты сиқырлы феерия думанды кеші  өтті.

Феерияда  ертегі әлеміне саяхат жасалып,  кейіпкерлерімен бірге ойын-ойнатылды, әуезді әндер шырқалып, түрлі жанрда заманауи билер биленді. Нәтижесінде кішкентай балақайлар түрлі сыйлықтарға ие болып, ғажайып ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтары арта түсіп, естен кетпес әсер алды.
Думанды жиында  өнер көрсеткен «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» талантты өнерпаздарына, Диал би студиясы, «Шабыт» би орталығының және №8 гимназияның бишілеріне, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығына, BIZ BIRGEMIZ» волонтерлық қозғалысына алғыс білдіріп, толағай табыстар тілейміз. Сондай-ақ, аталған іс –шараның өтілуіне ықпал жасап, қолдау көрсеткен Облыстық көркемсурет галериясының әкімшілігіне алғыс пен  ризашылығымызды білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.