«Қоңыратпын»: қазақша сөйлескен нигериялық пен америкалық азаматтың видеосы тарады

92

Әлеуметтік желіде бір-бірімен қазақ тілінде сөйлескен нигериялық пен америкалық азаматтың видеосы тарады деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода сауда орталығында жүрген нигериялық азамат өзін Абдулкарим деп таныстырады. Сол жерден америкалықты көріп қалып, қазақ тілінде амандасып, әңгіме өрбітеді.

Ал өзіне Рауан деп ат қойған америкалық азамат 20 жылдай уақыт Алматы қаласында тұрып жатқандықтан қазақ тілін меңгерген екен. Айтуынша, шын есімі – Рональд. Видео авторы Абдулкарим өз руының қоңырат екенін айтып, ары қарай өзге адамдармен әңгімесін жалғастырған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.