ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

62
Саудакент ауылының тұрғыны Альмуратова Қаршыға Аңшыбайқызы мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке тігін цехын ашты.
Бірнеше жыл үйінде жұмыссыз отырған ол тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдыруды ойластырып, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, тиісті сертификатын алады. Оқу барысында Қаршыға заманауи перде тігу жобасын әзірлеп, бизнес-жоспар жасаған. Нәтижесінде жоба 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарымсыз грантқа ие болды.
Қазіргі таңда Қаршыға Аңшыбайқызы заманауи перделер, шымылдық тігумен айналысып жатыр. Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдар үлкен сұранысқа ие болуда.
Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысына қарай үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелер тігеді. Толық көлемде қыз жасауын дайындап беруге де тапсырыстар қабылдайды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.