«Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болады»

130

«Ер туған жеріңе» дейді дана халқымыз. Туған жері үшін, туған ауылынан жырақта жүрсе де, кіндік қаны тамған ауылының гүлденіп, көркеюі үшін не бір игі істерді жасап көптің алғысын алу да екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Осындай ізгілікті де қайырымды істі Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылының тумасы жеке кәсіпкер Үнипаев Сейітбек Рүстембекұлы ағамыз туған ауылына жасап берді. Округ орталығы Әшір Бүркітбаев ауылынан шыға берісте ағып жатқан Үшбас өзенінен өте бергенде автокөлік жолы тау шоғырының қатпарланған жартас тастарымен қысылған қысаң жерде орналасқан еді. Таудан аса берген автокөлік жолы арғы беттен келе жатқан автокөлік пен төрт түлік малды көру мүмкін емес өте қиын қысаң жер еді. Осы қысталаң жолда әр уақытта жол-көлік оқиғалары орын алып, біраз адам осы жолдың кесірінен көз жұмған еді. Әсіресе тұманды, боранды, көктайғақ күндері осы жолмен жүрген әр жолаушыға да қауіп еді. Осы жолмен туған ауылына келіп-кетіп жүрген Сейітбек ағамыз өте жақсы, көпшілік құптаған іс атқарды. Өз қаражатына тау мен тасты бұзатын арнайы техникалар жалдап алып келіп, осы жолды қысып, төніп тұрған тау шоғырын талқандап бұздырып жол жиегін кеңіттірді. Шариғат бойынша да халық игілігі үшін жол мен көпір салған адамға алла тағаланың сауабы мол делінген. Бүкіл Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев, Арыстанды, Қаратас және Үшбас ауылдарының тұрғындары да Сейітбек ағамызға дән риза болып, шексіз алғыстарын білдіруде…

 

Ж.Байысбекұлы
Түркістан ауылдық округі

Leave A Reply

Your email address will not be published.