Қаңтар оқиғасы: рақымшылық кімдерге жасалады?

120

Бүгінде Қаңтар оқиғасына қатысты 1060 адамға сот шешімі шығарылды. Олардың тек 106-сы нақты бас бостандығынан айырылды. Ал қанды оқиғадан зардап шеккендерге залал өтеліп жатыр. Бұл жұмысқа Қазақстан халқына қоры да қатысуда. Бұл туралы Заңнама және сот-құқықтық комитетінің мүшесі Гүлжан Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын баяндау кезінде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған Мемлекет басшысы қыркүйек айында жариялаған Жолдауында Қаңтар оқиғасы қатысушыларына қатысты бір реттік рақымшылық жасалатынын айтқан еді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тобымен әзірленген заң жобасы баяндалды.

«Біз Парламент депутаттары үндеуді қолдап конституциялық өкілеттіктерге сүйене отырып, осы заң жобасы мен құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жасаған Қаңтар оқиғаларының қатысушаларына қатысты рақымшылық жасау туралы Мемлекет басшысының бастамасын іске асыруды ұсынамыз.

Рақымшылыққа іліккен азаматтар тобы анықталды. Ол үшін нақты уақыт аралығы белгіленді. Бұл 4 пен 7 қаңтар аралығы болып табылады. Бұл кезең басқа қылмыстардың осы заңға жатқызылмауы үшін жаппай тәртіпсіздіктермен байланыстырылды», – деді Заңнама және сот-құқықтық комитетінің мүшесі Гүлжан Бижанова.

Мәжіліс депутатының айтуынша, қылмыстық кодекстің әрбір адам бойынша нақты баптарын көрсете отырып, осы оқиғалар бойынша барлық істерге талдау жасалды. Жоба қылмыстық теріс қылықтары мен ауырлығы аз орташа қылмыстар үшін жазадан босатуды көздейді. Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдардан соттылығы алынады.

«Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға мерзімдерді қысқарту көзделген. Ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін мерзімнің жартысы қысқарады. Бұл ретте егер сотталған адамға заң қолданысқа енгізілген күніне бір жылдан аспайтын мерзімі қалса, оның өтелгмеген бүкіл мерзіміне қысқартылады», – деді Гүлжан Бижанова.

Сонымен қатар, босатылатын адамдарды бейәлеуметтендіру мәселесі көзделеді. Бұл – жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, құжаттарды рәсімдеу және т.б жұмыстар. Тұрғын үйі жоқ адамдар үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған орталықтар қарастырылады.

Террористер, экстремистер, рецидивистер, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар және азаптаулар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Белгілі болғандай, алдын ала есептеулер бойынша рақымшылық бір жарым мың адамға жасалмақ.

https://turkystan.kz/article/200763-kantar-okigasy-rakymshylyk-kimderge-zhasalady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.