ӘСКЕРИ ТЕХНИКА ОРНАТЫЛДЫ

85
Асалық тұрғындар аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен өткен кездесуінде орталықтағы Ауған соғысы құрбандарына орнатылған аллеяны жөндеуден өткізу және Желтоқсан оқиғасына қатысушы азаматтарға арнайы тақта орнату, абаттандыру керектігін жеткізген.
Жиында аудан басшысы бұл жұмыстарды жүргізуге ықпал жасайтынын айтқан болатын.
Сөзден — іске келер болсақ, бүгінде аллеяға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған арнайы тақта орнатылып, бүгінде әскери техника да аллеядан өз орнын тапты.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.