Алматыда Жас тілшілер форумы басталды

76
Алматыда Жас тілшілер форумы басталды

Алматыда 29 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республикалық жас тілшілер форумы басталды. Форумға еліміздің түпкір-түпкірінен  60-тан астам жас тілішілер келді.

Жыл сайын наурызда ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын Жас тілшілер форумы өтеді. Биыл форумда «Журналист болғың келе ме?», «Газет, әлде интернет?», «Мультимедиа журналисінің бір күні», «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі», «Абай — әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Әл-Фараби мұрасы — ақыл ойдың маржаны», «Алаш баспасөзі тағылымы», «Ұлы жеңіске тағзым» номинациялары бойынша 100-ден астам жұмыс қабылданды.

Форумның ашылуында журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева мен аға оқытуышы С. Жұмабекұлы құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында оқытушы  Н. Алибаева ҰБТ-ға қатысты мектеп оқушыларына қызықты шеберлік сағатын өткізді. Жас тілші неден бастау керек, нені ескеру қажет  деген мәселелер бойынша докторант Б.Төлеген өз тәжірибесін ортаға салды. «Жас тілшілер» форумында ең үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. «Ең үздік жас тілші – 2024» қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Ұлан» газетінің жас тілшісі Диана Ағзамованың жұмысы лайық деп танылды. Форум соңында әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ журналистика факультеті жеңімпаздарға  сыйлықтар табыстап, дипломдармен  марапаттады.https://turkystan.kz/article/241485-almatyda-zhas-tilshiler-forumy-bastaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.