Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін боранда 18 шақырым жаяу жүрген

89

Мұғалжар ауданының құтқарушылары 18 шақырым бойы “Трэкол” жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын.

Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. «Трэколмен» шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз, — дейді қарауыл бастығы Ақдәулет Әли.

Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.

 

https://turkystan.kz/article/239710-a-t-belik-t-arushylar-nau-asty-auruhana-a-zhetkizu-shin-boranda-18-sha-yrym-zhayau-zh-rgen

Leave A Reply

Your email address will not be published.