Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді

67
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің балмұздақ өндірісі тұрақты өсім көрсетті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мен салалық сарапшылардың деректеріне сәйкес, өндіріс көлемі 35,1 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға артқан.
Осы кезеңде ішкі нарықтың сыйымдылығы 41,2%-ға өсіп, 31,9 мың тоннаны құраған. Ал импорт көлемі небәрі 7,1%-ға өсіп, 5,1 мың тоннаға жетіп отыр. 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан 8343 тонна балмұздақ экспорттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға жоғары нәтиже көрсеткен.
🔹Қазақстандық балмұздақтың негізгі экспорттық нарығы Ресей елі. Бұл елге 5748 тонна өнім жөнелтілген, бұл жалпы экспорт көлемінің шамамен 69%-ын құрайды және өткен жылмен салыстырғанда 39,6%-ға артық.
🔹Екінші ірі бағыт – Қырғызстан. Бұл елге 2019 тонна өнім экспортталып, 46,7%-дық өсім тіркелген. Бұл негізгі экспорттық нарықтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
🔹Өзбекстанға 498 тонна балмұздақ экспортталған.
🔹Тәжікстанға 53 тонна, Моңғолияға 17 тонна және Әзербайжанға 8 тонна өнім жеткізілген.
🔹Қытай нарығындағы қатысуды кеңейту жұмыстары жалғасуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.