Азық-түлік бағасы — бақылауда

321
Аудан әкімі Бегзат Болатбеков әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тексеру мақсатында аудан орталығындағы бірнеше сауда нысандарында болды.
Соңғы уақыттары күнделікті тұрмыста қажетті әрі ең маңызды азық-түлік тауарларының бағасы өсіп бара жатқаны жасырын емес.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Осы мақсатта аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы базар бағасын өзі бақылап қайтты.
Аудан басшысы алдымен «Бауырхан» базарына барып, әлеуметтік тауарлардың бағасы жайлы сұрастырды. Келесі кезекте аудан орталығындағы өзге де дүкендер мен дүңгіршектерді аралап көрді. Бағаларды зерделеумен қатар, «қызыл сызықтан» асып кеткен кейбір сауда нысандарының иелеріне ескерту жасады.
Сауда нысандарындағы кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында бағаны көтермеуге, керісінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендетіп, халыққа қолдау көрсетуге, азық құнын шекті бағадан асырмауға шақырды.
Ал, сауда жасап нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлер болса, әкімнің айтқанын түсіністікпен қабылдады.
Сондай-ақ, Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатовқа кейбір сауда нысандарының сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша кәсіпкерлермен сөйлесу, орталық көшелердегі жаяу жүргіншілер жолының айналасын ретке келтіру сынды тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мұндай тексерулер тұрақты жүргізуде.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер арасында «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң талаптарын сақтау тұрғысынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.